pexels.com

Ашқарынға не жеуге болмайды?

24.06.2025 10:15 2571

Дәрігерлер асқазан-ішек жолдарында созылмалы аурулары бар адамдарға, гастрит, асқазан жарасы немесе басқа да ас қорыту жүйесі аурулары кезінде – ашқарынға жеміс, шырын немесе кофе ішуге болмайды деп ескертеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Себебі бұл өнімдер мен сусындардың құрамындағы органикалық қышқылдар асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді. Бірақ денсаулықта мұндай проблемалар болмаса, ілгеріде аталған шектеулерді сақтау міндетті емес.

Ашқарынға не жеуге кеңес беріледі?

Егер сізде асқазан-ішек жолдарымен байланысты қиындықтар бар болса, таңғы асты жұмсақ әрі жеңіл тағамнан бастау ұсынылады. Бұл ретте, ең жақсы таңдау – сұлы жармасынан дайындалған ботқа (овсянка). Ал жемістер мен қою шырындардан бас тартқан жөн.

Көптеген адамдар таңертеңгілік бір стақан шырын немесе кофе ішуді әдетке айналдырған. Алайда, мұндай тағамдардан кейін асқазанда жайсыздық сезілсе, келесі күні қателігіңізді қайталамаңыз.

Ашқарынға қандай сусындар қауіпті?

Кейбір дәрі-дәрмектерді ашқарынға қабылдау денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Әсіресе құрамында ацетилсалицил қышқылы бар препараттар гастрит не жара тудыруы ықтимал. Сол сияқты тәтті газдалған сусындар да аш қарынға ішуге болмайтын өнімдер қатарына жатады. Өйткені олар құрамында қант мөлшері өте жоғары.

Ашқарынға не ішуге болады?

Ашқарынға ішуге болатын ең жақсы сусын – таза су немесе минералды газдалған су. Олар таңертең ағзадағы алмасу процестерін белсендіреді және метаболизмді іске қосуға көмектеседі.

Ашқарынға не ішіп-жейтініңіз – денсаулығыңызға тікелей әсер етеді. Егер асқазан-ішек жүйеңізде ақау болмаса да, ағзаңыздың сигналына құлақ асып, жайсыздық сезілсе, тәуекелге бармаған жөн. Салауатты әдеттер – ұзақ әрі сапалы өмірдің кепілі.

Бұған дейін қанша жесеңіз де салмақ қоспайтын тағамдар туралы жазған едік.