Жаңалықтар

Асхат Тарғын әкесіне көлік мінгізді

Асхат Тарғын әкесіне көлік мінгізді
Фото: instagram.com/askhat_targin 02.11.2023 10:29 847

Отандық әнші Асхат Тарғын бауырларымен бірігіп әкесіне көлік сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің отбасында үлкен той болды. Өнер иесінің анасы 70 жасқа толған мерейтойына, сонымен қатар ата-анасының отау құрғанына 50 жыл толуына орай Тарғындар әулеті дүркіретіп той жасаған.

Бұл туралы Асхат Тарғын Instagram парақшасында бөлісті.

Кеше әулетімізде үлкен қуаныш той болды. «Қуанышты бөліссең көбейеді» дейді ғой. Сол қуанышымызбен бөлісейін деп тұрмын. Анам 70 жасқа келді. Әкем екеуінің отау құрғанына 50 жыл толып, алтын тойды Шалқарда атап өттік.

Алланың қалауымен әкеміз бен анамызға жаяу жүрмесін деп көлік мінгіздік. Ауыл арасы, той-садақаға мініп жүрсін. Ата-анамыздың ризашылығын тірісінде алғанға не жетсін. Баршаңызға жұғысты болсын! – деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Асхат Таргын (@askhat_targin)

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Асхат Таргын (@askhat_targin)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға