Жаңалықтар

Аш қарынға кәмпит жеген оқушы көз жұмды

Аш қарынға кәмпит жеген оқушы көз жұмды
Фото: ©pixabay.com 19.06.2024 10:17 1854

Ресейдің Новосібір облысында бастауыш сыныпта оқитын қыз бала аш қарынға кәмпит жеп, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, қыз көп кәмпит жегеннен кейін бірнеше рет құсқан. Қыздың ата-анасы дереу жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер келгенше желідегі маманның нұсқауын орындаған. Бала бірден жансақтау бөліміне түсті. Қанша тырысқанмен, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

«Комсомольская правда» жазғандай, өлімге «улану» себеп болған. Қазіргі уақытта жағдайды аймақ бойынша тергеу комитеті басқармасының қызметкерлері қолға алған. Олар болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға