Қазақстандық каратэші Әсел Қанай Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль иеленді. Отандық спортшы әйелдер арасындағы 61 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.
Әсел Қанай алтын медаль үшін өткен финалдық жекпе-жекте қытайлық Ли Гунмен кездесті. Тартысты бәсеке 8:2 есебімен Ли Гунның пайдасына аяқталды. Осылайша, Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Бұл – Қазақстан құрамасының каратэден осы Азия ойындарындағы алғашқы күміс медалі. Бұған дейін Қазақстанның каратэ құрамасы Азия ойындарында екі алтын медаль еншілеген болатын.
Жоламан Биғабыл 55 келіге дейінгі салмақта топ жарса, Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта Азия ойындарының чемпионы атанды.
Әсел Қанайдың күмісімен Қазақстан құрамасының каратэден жүлде саны үшке жетті.
Бұған дейін Азия ойындарында Санжар Әділов Қазақстанға тарихи медаль сыйлаған еді.