Жаңалықтар

Асайын Байханов Екібастұздағы білім беру нысандарын тексерді

Бұл туралы облыс әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды
Асайын Байханов Екібастұздағы білім беру нысандарын тексерді
Фото: pixabay 17.12.2022 19:30 866

Асайын Байханов Екібастұздағы білім беру нысандарының оқушыларды қабылдауға дайындығын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Екібастұздық балалардың үйде отырғандары жеткілікті деген ойдамын. Қаланың білім беру нысандарының оқушыларды қабылдауға дайындығын тексердім. № 1 мектеп-лицейде жылумен жабдықтау қысымы жеткіліксіз болып шықты. Мәселені энергетиктермен бірге сол жерде қарастырдық. Мамандардың пікірінше, жылыту жүйесін толықтай жуу қажет. №11 орта мектептің де жағдайы дәл осындай. Жылу беру жүйесін жуу жұмыстарын жеделдетіп бастауды және жақын күндері жылумен жабдықтау жүйесін толыққанды бірқалыпқа келтіруді тапсырдым, - деді Асайын Байханов.

Қазіргі таңда №25 балабақшадағы жылыту радиаторлары қалпына келтірілді. Жоспары бойынша дүйсенбіге дейін температура қалыпқа келуі қажет.

Екібастұздың білім беру мекемелерінің жұмысын жеделдетіп жандандыру міндетін қойдым. Жасөспірім қала тұрғындары мүмкіндігінше тезірек мектептер мен балабақшаларға оралуы керек, - деп жазды аймақ басшысы.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға