Жаңалықтар

Асанәлі Әшімовтің киімін киген актрисалар сынға қалды

14.05.2025 12:49 1414
Асанәлі Әшімовтің киімін киген актрисалар сынға қалды

Театр маманы Салтанат Мақсот пен актриса Ажарлым Мағзұм аңыз актер Асанәлі Әшімовтің костюм-шалбарын сыйға алғанын айтып мақтанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайырлы күн, достар! Кеше Ажарлым досым екеумізге 88-жасқа толған Асанәлі ағам сыйлық ретінде костюмін сыйлады. Қазақстанда ағаның костюмін сыйға алған тұңғыш қыздар Ажарлым екеуміз шығар. Ағаның жасына жетейік. Бұл қазақтың әдемі ырымы ғой. Ағаға ұзақ ғұмыр тілеймін! Аман жүріңіздер. Ұрпақ қызығын тең көріңіздер. Біз сіздерді жақсы көреміз, - деп жазды Салтанат Мақсот.

Ал бұл жайтқа қатысты оқырман пікірі қақ жарылған. Бірі құттықтап жатса, енді бірі еркектің киімін әйелге киюге болмайтынын айтты.

«Біз қазақ деген ұлт емеспіз бе? Ата салтымыз бойынша әйел адам еркектің киімін кимейді ғой? Оның ішінде шалбар кию деген жат қылық. Қашан қазаққа айналамыз», «Негізі ер жігітке береді», «Әйел адам ер адамның киімін кимейді. Еркектің өз қасиеті бар, обал емес пе», «Қыз балаға ер адамның киімін кигізуге болмайтыны шариғатта айтылған, - деп жазды олар. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Abulgaziyeva Saltanat Maksotkyzy (@saltanat_maksot)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға