Жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде несие беру мәселелері талқыланды

Экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту бойынша ұсыныстарды талқыланды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде несие беру мәселелері талқыланды
Фото: dauletten.kz 08.09.2022 10:00 1765

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Ұлттық Банктің, Ұлттық экономика министрлігінің, Қаржы министрлігінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың және  Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдерімен жұмыс кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік Төрағасы корпоративтік секторға кредит беруді кеңейту үшін бірлескен жүйелі шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті.

Кеңес барысында корпоративтік кредит беруді кеңейтуді шектейтін кедергілер талқыланды, сондай-ақ тиісті шаралар ұсынылды. Атап айтқанда, бизнеске кредит беруді ынталандыру бойынша реттеушілік  шаралар, банктерді ұзақ мерзімді қорландыру көздерін кеңейту жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ нақты секторға кредит беруді қолдау бағдарламаларына ұсыныстар талқыланды.

Агенттік қарыз алушылардың өзара байланысы өлшемшарттарын оңайлату және жоғары өтімді қамтамасыз ету тәуекелінің сомасынан шегерілетін тізбені кеңейту есебінен бір қарыз алушыға тәуекелді есептеу тәртібін оңтайландыруды (К3 нормативі) ұсынды.

Бизнеске кредит беруді ынталандыру үшін 2024 жылға дейін ШОБ кредиттері мен синдикатталған қарыздарды тәуекел-саралаудың төмендетілген мәндерін 50% деңгейінде ұзарту ұсынылды. Бұдан басқа, кредиттердің құнсыздану өлшемшарттарын оңтайландыру және коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлік, айналымдағы тауарлар, off-take келісімшарттары және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша ақша түсімдері түріндегі кепілдер бойынша өтімділік мәндерін арттыру есебінен банктердің кепіл саясатына қойылатын талаптарды төмендету жоспарлануда.

Сонымен бірге, банктердің ұзақ мерзімді кредиттік ресурстарын кеңейту үшін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін өтімділікті өтеу және нетто тұрақты қорландыру нормативтерінің төмендетілген мәндерінің қолданылуы ұзартылатын болады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың және ҚҚҚ-ның өкілдері ірі жобаларды бірлесіп қаржыландыру және синдикатталған кредит беру бойынша ұсыныстар ұсынды. 2021 жылы синдикатталған кредит беруді дамыту үшін заңнамалық негіздер жасалғанын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктер «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-пен бірлесіп синдикатталған қаржыландырудың бірлескен жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін қарастыруда.

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы жер қойнауын пайдалану құқықтарын және кепілге қойылған жерлерді өткізген кезіндегі кедергілерді атап өтті, олар кредит беруді кеңейтуді шектейді. Бұдан басқа, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы орта және ірі бизнес субъектілерінің жобаларына портфельдік кепілдік беру тетігін кеңейту бойынша шаралар ұсынды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға