Жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынды

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынды
Фото: El.kz/Арман Мухатов 05.07.2023 21:04 662

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры, 8 жылға бас бостандығынан айырылған Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Тулеевті 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - делінген Астана сотының хабарламасында.

Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты пара беруге итермелеу күдігіне ілінгенін айтқан болатын. Сондай-ақ А. Мұхамедиұлының әйелі пара беруге оқталды деген күдікке ілінді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға