«Aryk фильмінің премьерасы»: Канн кинофестивалі басталды

 Euro Travelo
Фото: Euro Travelo

Францияда 12-23 мамыр аралығында 79-шы Канн кинофестивалі өтеді. Киносүйерлерді қызыл кілем, таңдаулы фильмдер мен өнер жұлдыздарының дефилесі күтеді.  

Каннда 12 күн бойы киножұлдыздары сұхбат беріп, премьераға қатысып, үздік кино мен актерлер анықталады.Биыл фестиваль бағдарламасында Педро Альмодовар, Андрей Звягинцев, Рюсуке Хамагути және басқа да белгілі режиссерлердің жаңа туындылары бар. Әрине, үздіктерді қазылар алқасы анықтайды. 

Қазылар алқасы тоғыз адамнан тұрады. Төрағасы – корей режиссері Пак Чхан Ук. Қазылар құрамында Деми Мур, Стеллан Скарсгард, Хлои Чжао бар. 

Фестивальде тұсауы кесілген кей фильмнің  «Оскар» алғаны да есімізде. Мысалы, «Паразиттер» және «Анора» фильмдері Каннда көрсетіліп, кейіннен  «Үздік фильм» атанды. 

Фестивальдың басты премьералары:

  • Hope  – На Хон Джиннің ғылыми-фантастикалық триллері, басты рөлдерде – Майкл Фассбендер, Алисия Викандер, Хван Чон-мин және Тейлор Рассел;
    Paper Tiger  – Джеймс Грейдің қылмыстық драмасы, Адам Драйвер, Майлз Теллер, Скарлетт Йоханссон;
    Fjord  – Кристиан Мунджиудің жаңа туындысы, Себастьян Стэн және Ренате Рейнсве;
    Teenage Sex and Death at Camp Miasma  – Джейн Шенбруннің хоррор-драмасы, Ханна Эйнбиндер, Джиллиан Андерсон;
    Fatherland  – Павел Павликовскийдің тарихи драмасы, Ханс Цишлер, Сандра Хюллер;
    Suddenly  – Рюсуке Хамагутидің француз тіліндегі фильмі, Виржини Эфир, Тао Окамото;
    Sheep in the Box – Хирокадзу Корээда ғылыми-фантастикалық драмасы;
    The Man I Love –  Айра Сакс драмасы, Нью-Йорк актері ауыр сырқатпен бетпе-бет;
    Unknown  – Артур Хараридің ғылыми-фантастикалық драмасы, Леа Сейду;
    Minotaur – Андрей Звягинцевтің жаңа туындысы, Ресейлік кәсіпкердің дағдарысы;
    John Lennon: The Last Interview  – Стивен Содербергтің деректі фильмі Джон Ленноннің соңғы күндері туралы;
    Bitter Christmas – Педро Альмодовардың жаңа мелодрамасы, кино өндірісі, қартаю және жоғалтуды сезіну туралы.

Каан алаңында – қазақша фильм


Кинофестивальде 16 мамыр күні «Aryk» фильмі көрсетіледі. Туынды Алматыда таспаланған. Фильмнің режиссері – Илья Врей. Режиссе Қазақстанда туып, Ұлыбританияда өскен. Өзі – режиссер, сценарист әрі актер. Ол Ли Страсберг театр және кино институтын бітірген және Кембридж университетінде сценарий жазу бойынша магистр дәрежесін алған. 

Оқи отырыңыз