Елорда мәслихаты ArtSport бағдарламасына 3 миллиард теңге бөлу мәселесін қолдады, деп хабарлайды El.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осы қаражаттан қыркүйек айына дейін іске қосылған ваучерлер де өтеледі. Жылдың басында қолданыстағы ваучерлерді қамтамасыз ету үшін 6,4 миллиард теңге бөлінген болатын.
Ресми мәліметке сәйкес, қалада платформа арқылы балаларға берілген ваучерлердің жалпы саны – 85 561, соның ішінде 61 639 ваучер іске қосылған.
– Қазір елордада мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс аясында 25 спорт түрі бойынша 581 спорт секциясы, сондай-ақ 45 бағыт бойынша 1034 шығармашылық үйірме жұмыс істейді, - делінген ресми хабарламада.
ArtSport бағдарламасына қосымша 3 миллиард теңге бөлінді
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс