Жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

«АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 26.04.2023 15:14 580

Қарағанды облысының полицейлері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

- Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Шахтинск қаласының 53 жастағы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары, 52 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматша ұсталды, - делінген Polisia.kz таратқан мәліметте.

Тәртіп сақшылары қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметіне байланысты емес екенін алға тартады. Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин айғақ заттар тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалғанын алға тартты.

Естеріңізде болса, 23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған болатын.

Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабына («Адам өлтіру») сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға