Жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жұмысшының мәйіті табылды

Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр
«АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жұмысшының мәйіті табылды
Фото: arcelormittal.kz 06.11.2022 15:55 1494

2022 жылдың 6 қарашасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Казахстанская» шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкерінің мәйіті табылды,  деп хабарлайды El.kz  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасының аумағында көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істейтін қызметкердің денесі табылды. Оқиға болған кезде жұмыскер қызметтік міндеттерін атқармаған», - деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға