Жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" атауы "Kemel Temirtau" деп өзгеретіні туралы ақпарат тарады

"АрселорМиттал Теміртау" атауы "Kemel Temirtau" деп өзгеретіні туралы ақпарат тарады
Фото: © El.kz 01.11.2023 15:40 2561

WhatsApp-та "Арселор Миттал Теміртау" атауы "Kemel Temirtau" деп өзгертілетіні туралы ақпарат тарады. Алайда бұл - жалған ақпарат, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпарат Nur.kz порталының әлеуметтік желілердегі постының иллюстрациясына сай жасалған. Ал мәтінде жаңа атау туралы Өнеркәсіп министрлігінің басшысы хабарлады делінген.
Осыған ұқсас атауды өзгерту туралы пост Nur.kz-тің Instagram парақшасында шыққан.

Бірақ онда «Арселор Миттал Теміртау» қалай аталатыны жазылмаған болатын.

Жаңалықта былай делінген: «Арселор Миттал Теміртау» Қазақстандағы атауын өзгертеді, деп мәлімдеді Өнеркәсіп министрлігінің басшысы». Пост суретінде де компанияның жаңа атауы көрсетілмеген.

Керісінше, бұл тақырыптағы осы және басқа жаңалықтарда компанияның жаңа атауы әлі белгісіз екендігі атап өтілген. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.

Демек, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды және фейк болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға