Жаңалықтар

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қандай шара қолданылады?

Үкімет басшысы Сенаттың жалпы отырысында сенаторлардың сауалына жауап берді
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қандай шара қолданылады?
Фото: arbat.media 10.11.2022 13:27 1510

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ленин атындағы шахтадағы шахтерлер қазасынан кейін «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қандай шара қолданылатынын айтты, деп хабарлайды El.kz

«Бұл компания үшін көмір өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа алғаш рет жыл сайын кемінде 150 млрд теңге көлеміндегі инвестицияны көмір өндірісін жаңғыртуға салу қажеттігі туралы қосымша талап жаздық. Сонымен қатар көмір қатпарларын газдандыру үшін 7 млрд теңге салады. Бұрын мұндай болған емес. Жер қойнауын пайдалануға өзге де міндеттемелер қойылып отыр», - деді Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысында сенаторлардың сауалына орай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға