Жаңалықтар

Арқан үзіліп кеткен: Абай облысында жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

Арқан үзіліп кеткен: Абай облысында жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
Фото: © Polisia.kz 26.01.2024 18:02 1160

Абай облысында көлікке арналған арнайы арқанның үзіліп кету салдарынан жүргізуші ажал құшты. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдын ала мәліметтер бойынша қайғылы оқиға Омбы – Майқапшағай тасжолының 899-шақырымында сағат 01:00 шамасында болған.

Mitsubishi Montero көлігінің 26 жастағы жүргізушісі Жарма ауданы Қалбатау ауылына қарай келе жатып, 27 жастағы ер адамның басқаруындағы Toyota Estima автокөлігін арнайы арқанмен сүйреген. Жол бойында арқан үзіліп, салдарынан көлік аударылып кетті, - делінген мәліметте.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 27 жастағы Toyota Estima жүргізушісі алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында ажал құшты.​

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.​

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға