Жаңалықтар

Арнайы бағдарламаның арқасында биыл 600 бала ұшаққа тегін отырды

Арнайы бағдарламаның арқасында биыл 600 бала ұшаққа тегін отырды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 26.07.2023 20:01 668

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Kids go free бағдарламасы арқылы 600-ден астам бала тегін ұшақ билетімен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Ел ішіндегі саяхатты таңдаған 300-ден астам қазақстандық отбасы 26 млн теңгеге дейін үнемдеді.

Kids go free - отбасылық туризмге арналған, Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген бағдарлама. Бағдарлама операторы – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы. Қазақстандықтар туроператордан ел ішіндегі бағыттар бойынша туристік пакет сатып ала отырып, 2 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға тегін авиабилеттерге қолжеткізе алады.

Маусым айында ең тиімді саяхат Астана – Шымкент – Астана бағыты бойынша тіркелген. Бірден 3 немесе одан да көп баласы бар 3 отбасы жоспарланған бюджеттің 40 пайызынан астамын үнемдеген. Kids go free аясында орта есеппен бір турда екі бала саяхаттайды.

«Бағдарлама бойынша саяхаттау оңай әрі қолжетімді. Ол үшін kids.gofree.kz сайтына кіру керек. Кеңес алыңыз және отбасыңызға сәйкес келетін тур пакетін таңдаңыз. Қажетті құжаттарды ұсыныңыз, тур пакетін сатып алу үшін келісім-шарт жасаңыз және балаларыңыз үшін тегін әуе билетін алыңыз»,- деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға