Жаңалықтар

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін пилоттық жоба басталды

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін пилоттық жоба басталды
Фото: gov.kz 05.09.2023 11:28 752

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру аясында Қазақстан өңірлерінде жеке секторды тарта отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сыйымдылығы шағын үйлер құру жөніндегі пилоттық жоба басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясында жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы жеке секторды тарту арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік орталықтарын кезең-кезеңімен монополиясыздандыру жоспарлануда. Cыйымдылығы шағын үйлер тікелей мүгедектігі бар адамдар тұратын жерлерде, оның ішінде ауылдық жерлерде құрылады.

Пилоттық жобаға еліміздің 7 өңірі қатыспақ, олар: Ақмола, БҚО, Қарағанды, Түркістан облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары.

Бұған дейін хабарланғандай, мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын бірінші үйдің ашылуы 2023 жылдың 4 шілдесінде Қарағандыда өтті.

Биыл 29 тамызда Көкшетау және Шымкент қалаларында, ал осы жылдың 1 қыркүйегінде Астана қаласында сыйымдылығы шағын үйлер ашылды.

Мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қолжетімді. Олар әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық.

Орталықтарда емдік дене шынықтыру, массаж, дефектолог, логопед, психолог кабинеттері және балаларды дамытуға арналған түрлі кабинеттер бар.

Бүгінде сыйымдылығы шағын үйлерде 80-ге жуық бала қызмет алуда.

Сыйымдылығы шағын үйлер жағдайында қызмет көрсету стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдардың қолданыстағы желісіне балама болып табылады және баланың отбасымен бірге болуына бағытталған.

Бұл бастама мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына жұмыс жасауына және отбасының әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға