Жаңалықтар

Армения қандай жағдайда Еуроодақ құрамына кіретіні анықталды

Армения қандай жағдайда Еуроодақ құрамына кіретіні анықталды
Фото: © Pixabay.com 14.03.2024 14:41 1094

Еуропарламент депутаттары Еуроодақтың Армениямен қарым-қатынасын нығайтуды шақыру туралы резолюция қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арменияға ЕО құрамына кіруге үміткер мәртебесін беретін құжатты қабылдауды қолдап 504 адам дауыс берді.

Еуропарламент Армения өзінің демократиясын нығайтатын дәйекті реформалар жолын жалғастыра берсе, бұл ЕО-Армения қатынастарындағы өзгерістерге жол ашуы мүмкін деп санайды, - делінген құжатта.

Бұған дейін Армения Еуроодақ құрамына қосылуды қалайтынын жеткізген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға