Жаңалықтар

Арман Жүдебаев Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Арман Жүдебаев Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі 23.05.2023 19:45 855

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Арман Әділханұлы Жүдебаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр Асхат Оралов осыған дейін Комитет төрағасы болған Роза Кәрібжановаға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің артисі болып бастаған.

2009-2013 жылдары - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 жылдары - Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері.

2017-2018 жылдары - Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға