Жаңалықтар

Арман Сейітмамыт «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды

Арман Сейітмамыт «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды
Фото: facebook.com/Арман Сейітмамыт 11.12.2023 12:47 870

Белгілі тележурналист, медиаменеджер Арман Сейітмамыт «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы  "Хабар Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Еңбек жолын «Хабар» Агенттігінде 1997-жылы тілшіліктен бастап, тележүргізуші, редактор сияқты шығармашылық сатылардан өтті. Әр жылдары агенттіктің құрамына кіретін «EL ARNA» және «Хабар 24» телеарналарының директоры қызметін абыроймен атқарды. Сонымен қатар, интернет жобалар саласында да еңбек етіп, тәжірибе жинақтады. Агенттіктің жауапты қызметтеріне өз ішімізде жетілген, саланы жақсы білетін, ұжымға сыйлы, білікті маманды қоюға басымдық беріледі. Бұл тәжірибе мен жаңашылдықты тиімді үйлестіре отырып, жұмыстың жүйелі жүруіне оң әсер етері анық. Әріптесіміз жаңа жауапты қызметінде де жемісті еңбек етіп, «Хабар» телеарнасын биік белестерге шығаруға өзіндік үлес қосады деп сенеміз, - деп жазды Кемелбек Ойшыбаев. 

Сондай-ақ Арман Балтабайұлы телевизия саласында ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан білікті, тәжірибелі маман екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға