Жаңалықтар

«Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы 1 мамырдан басталады

«Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы 1 мамырдан басталады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.04.2024 21:33 340

1 мамырдан бастап еліміздің барлық өңірінде «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараның мақсаты – екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне волонтерлер тарапынан қолдау көрсету. Игі іске 4,5 мыңнан астам волонтер қатысады.

Сонымен қатар «Jas niet», «Жақынға көмек» және басқа да акциялар аясында волонтерлер 1000 ардагер мен тыл еңбеккерінің үйіне барып, естелік сыйлықтар табыстайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ волонтерлер жалғыз тұратын ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйлері мен аулаларын тазалау бойынша рейдтер ұйымдастырады, - делінген мәліметте,

Қазақстанның барлық өңірінде 1 мамырдан 9 мамырға дейін ІІ Дүниежүзілік соғыстағы жеңіс күнін мерекелеуге арналған «Жеңімпаздар тарихы» онлайн-челленджі өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға