441.12
465.6
5.82

Ардагерлер қауымдастығы президенттікке кандидат ұсынды

Алдымызда мемлекетіміздің болашағын айқындайтын, әр азаматтың өміріне әсер ететін маңызды шара – Президент сайлауы тұр. 
Автордікі
Фото: Автордікі 05.10.2022 19:12 945

Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды El.kz.

Ұлттық академиялық кітапханада өткен отырыста «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл Мемлекет басшының Отан алдындағы еңбегі мен жетістіктерін тілге тиек етті.

«Алдымызда мемлекетіміздің болашағын айқындайтын, әр азаматтың өміріне әсер ететін маңызды шара – Президент сайлауы тұр. Бүгінде әлем аласапыран шақта тұр. Айналамызда ауқымды соғыс болып жатыр. Бейбіт өмірден айырылып, берекесі кеткен елдердің бағы тайып, тағдыры аянышты болатынын біз ауған соғысы ардагерлері жақсы білеміз. Соғыстың болмауын тілейміз. Осы алмағайып шақта, жеріміздің бүтіндігін сақтау аса маңызды. Ол үшін Қазақстанның тізгіні тарихи сында сынбай, шыңдалған көшбасшының қолында болуы тиіс. Ондай көшбасшымыз бар. Ол – Қасым-Жомарт Тоқаев екендігі даусыз», - деді Бақытбек Смағұл.

Сондай-ақ қауымдастық төрағасы Президенттің қаңтардағы оқиғада, Қостанайдағы тілсіз жауда да халқымен бірге болғанын атап өтті. Айтуынша, басшының болаттай берік ерік-жігері, жұртын қорғаудағы жанкешті қимылы мен халық алдындағы кіршіксіз адалдығы ұлттың тағдырын айқындайды.

«Рухы биік азаматтар елдің болашағына салғырт қарамай, өз ойларын ашық айтты. Ынтымақ, бірлік, келісім – ел үшін ең асыл бақыт. Ауыр, қиын шақтарда өмір көрген азаматтар бір кісінің баласындай болып соғыс көрген азаматтар ерекше көзқараспен жауапкершлікті алып, алыс аймақтардан келіп өз ойларын білдіріп отыр», - дейді «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы.

Отырыс соңында Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы басқармасының мүшелері күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе, қарашада өтетін ҚР Президентін сайлауға үміткер ретінде бірауыздан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып, қаулымен бекітті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар