Жаңалықтар

Әрбір өнеркәсіп саласынының ел экономикасындағы маңыздылығы жоғары – Ілияс Оспанов

Өнеркәсіп салаларын дамыту жоспарлары талқыланды
Әрбір өнеркәсіп саласынының ел экономикасындағы маңыздылығы жоғары – Ілияс Оспанов
Фото: gov.kz 07.01.2023 20:40 756

Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов салалық басқармалардың жұмыс қорытындысын тыңдап, биылғы жылға жоспарымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, түсті және қара металлургия, көмір және химия өнеркәсібі, машина жасау, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар басқармаларының басшылары баяндама жасады.

Айталық, автомобиль, арнайы техника және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау басқармасының басшысы Руслан Хисамутдинов саланың өзге елдерде даму тарихына сараптама жасап, отандық өндірістің бүгінгі жай-күйіне тоқталды.

2021 жылы ЖІӨ-дегі автоөнеркәсіп секторының үлесі 0,5 пайызды құраса, 2027 жылы бұл көрсеткішті 6,9 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Алдағы уақытта жаңа жобаларды жүзеге асыра отырып, нарықтағы отандық авто үлесін 77 пайызға арттыру жоспарымызда бар, - деді Руслан Хисамутдинов.

Ал, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар басқармасының басшысы Алмат Досқалиев аймақтардың тиімділігін арттыру мақсатында енгізілгелі отырған жаңашылдықтарға тоқталды.

Біз АЭА қызметінің тиімділігін арттыру бойынша Жол картасын әзірледік. Жол картасы АЭА дамыту жөніндегі басты стратегиялық құжатқа айналады және барлық мүдделі тараптарды нақты міндеттерді шешуге жүйелендіруге мүмкіндік береді. Технологиялық күрделілігіне, жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне қарай инвестициялық преференцияларды ұсынуда сараланған тәсіл ұсынылады. Сондай - ақ аралас режимдегі аумақты енгізу көзделуде, - деді Алматы Досқалиев.

Өз кезегінде Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов әрбір бағытты дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтып, комитеттің биылғы жылға көзделген негізгі мақсаттарына тоқталды.

Әрбір өнеркәсіп саласынының ел экономикасындағы маңыздылығы жоғары. Біздің кәсіпорындар ел азаматтарын тұрақты жұмыс орындарымен қамтып, ішкі және сыртқы нарықта белсенді дамуда. Осы ретте өз тарапымыздан қолдау көрсетіп, жаңа деңгейге көтерілуіне септігімізді тигізуіміз керек, - деді Ілияс Оспанов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға