Жаңалықтар

Әрбір лауазым иесі тікелей жауап беруге тиіс - Тоқаев

Әрбір лауазым иесі тікелей жауап беруге тиіс - Тоқаев
Фото: t.me/aqorda_resmi 01.04.2024 13:52 295

Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде су ресурстары, ирригация салалары бойынша техникалық мамандардың тапшылығына назар аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған қатысты Үкіметке шұғыл түрде шешім қабылдауды тапсырды.

Тағы да қайталап айтамын. Тасқынның алдын алу ісіне әрбір лауазым иесі тікелей жауап беруге тиіс. Сіздердің жұмыстарыңызды немқұрайлы және кәсіби міндетке сай келмейді деп бағаладым. Соның салдарынан азаматтарымыз үлкен материалдық шығынға ұшырады. Олар денсаулығы мен әл-ауқатына зиян келтіретін тұрмыстық қолайсыздықтарға тап болды. Әрине, мемлекет шығынды өтеу үшін шаралар қабылдайды. Азаматтарға айтарым, алаңдамаңыздар. Мемлекет, сондай-ақ кәсіпкерлер барлық шығынды өтеп береді. Бірақ қаржылық және саяси шығындар орасан зор. Оны да ескеру керек. Сондықтан Үкіметке жүктелер жұмыс көп. Қысқасы, талап қатаң болады, – деді Президент.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға