Жаңалықтар

Арба ішінде қалдырған: Алматыдағы айналма жолдың жиегінен сәби табылды

Арба ішінде қалдырған: Алматыдағы айналма жолдың жиегінен сәби табылды
Фото: © Pixabay.com 16.05.2023 17:45 1202

Алматыда Үлкен Алматы айналма жолының маңынан сәби табылды. Бала арбаның ішінде жатқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Табылған баланың видеосы Telegram әлеуметтік желісінде жарияланды.

Алматы облысының Полиция департаментіне 15 мамыр күні сағат 10:08 шамасында Үлкен Алматы айналма жолынан 5 шақырым жерде кәмелетке толмаған бала табылғаны туралы хабар түскен.

Аталған дерек Қарасай аудандық полиция басқармасында тіркелді. Баланың анасы табылып, ҚР ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға