Жаңалықтар

Аралдың құрғаған ұлтанына ағаш отырғызылады - министр

Аралдың құрғаған ұлтанына ағаш отырғызылады - министр
Фото: © REUTERS / SHAMIL ZHUMATOV 16.10.2023 13:45 1219

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалаларды, елді мекендерді және Арал маңын көгалдандыру Орманды молықтырумен қатар экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Арал теңізінің құрғаған түбінде орман мелиорациялық жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.

Сексеуіл отырғызу жұмыстары 2021 жылы 101 мың гектарда және 2022 жылы 250 мың гектарда жүргізілді.


Бүгінгі күнге, отырғызылған сексеуілдің жалпы алаңы 546 мың гектарды құрайды және 2025 жылға дейін 1,1 млн гектарға жеткізу жоспарланып отыр,- деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға