Жаңалықтар

Аралас жекпе-жек шебері 21 жасында жол апатынан қайтыс болды

Аралас жекпе-жек шебері 21 жасында жол апатынан қайтыс болды
Фото: instagram.com/shalielipp 10.05.2023 09:12 1155

Аралас жекпе-жек спортында (ММА) өнер көрсететін америкалық Шелли Лэп 21 жасында жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы Mirror-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Полиция апат кезінде спортшы қауіпсіздік белдігін тақпағанын айтты.

Өзім кездестірген адамдардың ішінде Шелли шынымен де ұлылыққа ұмтылған санаулылардың бірі болды, - деді Лэптің жаттықтырушысы Эрик Суини.

20 мамырда Лэп АҚШ-тағы Іgnite No Mercy 11 аясында жекпе-жек өткізуі керек болатын.

Спортшы қыз мансабында үш жеңіске жетіп, екі рет жеңіліске ұшыраған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға