Жаңалықтар

Арал теңізінің түбіне экспедиция ұйымдастырылды

Арал теңізінің түбіне экспедиция ұйымдастырылды
Фото: gov.kz 26.05.2023 05:31 401

Арал өңірінің қазақстандық бөлігінде жұмыс істейтін донорлардың үйлестіру конференциясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрлігінен Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Жүнісов қатысуда.

Қазіргі таңда Арал теңізі бассейніндегі экологиялық көрсеткіштер мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды одан әрі жақсарту мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Арал теңізінің солтүстік бөлігін өңірлік дамыту және қалпына келтіру» жобасын дайындауды жүзеге асыруда.

Арал өңірінде бірқатар маңызды жобалар іске асырылды және іске асырылуда. Бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында біз USAIDөңірлік жобасының, Халықаралық Аралды құтқару қорының Арал теңізі өңірінде ынтымақтастық жөніндегі стратегиялық платформа құру жөніндегі атқарушы дирекциясының бастамасын құптаймыз және даму жөніндегі халықаралық әріптестерімізді осы өңірдегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартуға ықпал ететін осы бастаманы қолдауға шақырамыз,-деді Нариман Жүнісов.

USAID бастамасымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрғатылған Арал теңізінің түбіне экспедиция ұйымдастырды.

Экспедицияға АҚШ-тың Бас консулы Каролин Саваж, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада, Германия Елшісінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты орынбасары Холгар Коллей, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан өкілдері және мүдделі халықаралық және отандық ұйымдардың басқа да өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта экспедицияның жоғарыда аталған қатысушылары осы конференцияға да қатысуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға