Жаңалықтар

Арал теңізінің деңгейі жарты метрдей көтерілді

Биыл екі айдың ішінде теңізге 803 млн метр куб су түскен
Арал теңізінің деңгейі жарты метрдей көтерілді
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі 04.03.2023 02:20 1026

Арал теңізінің деңгейі 48 сантиметрге дейін көтерілді, деп хабарлайды El.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда теңіздегі су деңгейі 48 см-ге дейін көтерілді.

2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі таңға теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ, немесе 48см дейін көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд. текше метрге ұлғайды. Былтыр жыл көлемінде Аралға 816 млн м3 су түссе, биыл 2 айдың өзінде 803 млн м3 түсті, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғанов хабарлағандай, осы уақытқа дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд.текше метрден, 18,5 млрд текше метрге азайған. Ал су деңгейі 40,42 мБЖ (метр Балтық жүйесімен) дейін төмендеген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға