Жаңалықтар

Қарағандыда 40-тан астам үйдің шатыры ұшқан

Олардың көпшілігі жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ ескі құрылыс және қызмет ету мерзімі ұзақ ғимараттар.
Қарағандыда 40-тан астам үйдің шатыры ұшқан
Фото: дереккөз 29.09.2022 01:10 1316

Жыл басынан бері Қарағанды облысында қатты желдің 43 объектінің шатырын ұшырып кеткен, деп хабарлайды EL,KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Олардың көпшілігі жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ ескі құрылыс және қызмет ету мерзімі ұзақ ғимараттар.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті шатыр бөліктерін ауыстыру немесе нығайту бойынша алдын ала шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Желдің әсерінен шатыр құрылымының бөліктері мен қосылыстары әлсірейді, бұл ерте ме, кеш пе оның бұзылуына әкеліп соғады.

Қауіпті метеорологиялық құбылыстар кезінде сақтық шараларын сақтауды, сондай-ақ 112 қызметінің дауыл туралы келіп түскен СМС хабарламаларын ескеруді, өте мұқият болуды, әлсіз бекітілген және тозған құрылымдарға, қараусыз қалған ғимараттарға, ағаштарға, электр беру желілеріне жақындамауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «101» және «112» нөмірлері бойынша жедел қызметтерге хабарлаңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға