Жаңалықтар

Ақын Қойшығұл Жылқышиев өмірден озды

Ақын Қойшығұл Жылқышиев өмірден озды
Фото: facebook.com/KoyshygulZhylkyshiyev 06.06.2023 18:00 1261

Қазақстан жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қойшығұл Жылқышиев 74 жасында дүниеден өтті деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы атыраулық ақын Әлия Дәулетбаева Facebook-тегі парақшасында жазды.

Атырау мәдениетінің ақтаңгері Қойшығұл аға жалғаннан өтті. Өмір деген осы екен. Бетімізден қақпадыңыз. Еркелігімізді көтердіңіз. Қамқор болдыңыз. Дүние шын жалған екен ғой. Алла алдыңыздан жарылғасын, аға! - деп жазды Ә.Дәулетбаева.

Айта кетейік, Қойшығұл Жылқышиев 1948 жылы 24 қазанда Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық кеңесіне қарасты Жаманқұдық жайлауында дүниеге келген. «Тұңғыш», «Мұң-кітап», «Асаукер»  жыр жинақтарының авторы. 1996 жылы М.Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығын алды. Сонымен қатар, Махамбет сыйлығының лауреаты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға