Жаңалықтар

Ақын Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

Ақын Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды
Фото: facebook.com/Қалқаман Сарин 25.01.2024 10:46 5125

Танымал ақын Қалқаман Сарин лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қуанышты хабарды ақын Серікзат Дүйсенғазин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Ағайын, бүгін Қалқаман Сарин досым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырындағы Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры қызметіне тағайындалды. Абыройлы қызмет болсын деп тілеймін! – деп жазды Дүйсенғазин.

Қалқаман Сарин – елімізге белгілі ақын. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Талай телеарнада түрлі бағдарламалардың жүргізушісі болған. Ал кейінгі жылдары «Шалқар» ұлттық радиосының директоры (2018-2019 ж.ж.) қызметін атқарса, сонан соң Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы болды (2019-2023 ж.ж.).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға