Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жол жүру ақысын күнтізбелік 7 күннің ішінде төлеу қажет екенін еске салады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы ретте төлем жасаудың 20-дан астам әдісі қарастырылған. Атап айтқанда, QAJ mobile мобильді қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы және тағы басқа.
8-ші күні «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 628-бабына сәйкес жол ақысын төлемеген жағдайда әкімшілік айыппұл есептеледі. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері - 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін - 10 АЕК құрайды (2023 жылы 1 АЕК көлемі 3 450 теңгеге тең).
Әкімшілік жауапкершіліктің алдын алу үшін автокөлік иелері мен жүргізушілер ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жол жүру ақысын уақтылы төлеуі қажет.
Сонымен бірге берешектері бар автокөлік иелерін тарифке сәйкес қарыздарын өтеуге шақырамыз.
Ақылы жолдың ақысын төлемегендерге айыппұл салынады
Оқи отырыңыз
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?