Жаңалықтар

Ақылы жолдарда төлем жасау жүйесі өзгереді

Ақылы жолдарда төлем жасау жүйесі өзгереді
Фото: kolesa.kz 03.03.2023 10:23 1022

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақылы жолдарда төлем жасау жүйесіне өзгеріс енгізді. Бұйрықтың жобасы  "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қоғамдық талқылауға шығарылған құжатқа сәйкес, ақылы жолдарда қолма-қол ақша мен алдын ала төлемнен бөлек кейінгі төлемді де енгізу жоспарланып отыр. Оны ақылы жолмен жүргеннен кейін күнтізбелік жеті күн ішінде төлеуге болады.

Осы уақыттың ішінде жол ақысы төленбесе, айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға - 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 теңге); заңды тұлғаларға - 10 АЕК (34 500 теңге);

Бұдан бөлек, ережеге бір айға арналған абонементтің анықтамасы анықтамасы енгізілді. Айта кетері, бұйрықтың жобасы 16 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға