Жаңалықтар

Ақылы автотұрақтар алынып тасталуы мүмкін

Ақылы автотұрақтар алынып тасталуы мүмкін
Фото: astana-akshamy.kz 08.12.2022 16:57 1848

Ақылы автотұрақтарға байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов айтты, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Мониторинг жұмыстарына азаматтардың көптеген арыз-шағымдары мен БАҚ-тағы сыни жарияланымдар негіз болған.

«Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС елордадағы ақылы автотұрақтар нарығын іс жүзінде монополияға алған. Нәтижесінде қаладағы бірқатар сауда және мәдени орталықтардың  маңайын ақылы автотұраққа айналдырған. Соның салдарының тұрғындардың көбісінің жүрісі еріксіз шектеліп, құқығы бұзылды», - деді Саян Ахметжанов.

Осы тұста тұрақ ақысын төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау мәселесі қарастырылып жатқанын атап өтті.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға