Жаңалықтар

Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізуге көмектесті

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ер адам емханаға жете алмаған
Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізуге көмектесті
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД 04.03.2023 03:15 733

Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды El.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

3 наурыз күні Ақтөбе облысы ТЖД 112 құтқару қызметіне Қарғалы ауданы Ащылысай ауылдық округі Бозтөбе ауылының 50 жастағы науқас тұрғынын ауруханаға жеткізу қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Ауа  райының қолайсыздығына байланысты науқасты ауруханаға жеткізу мүмкіндігі жоқ екен. Шақырту орнына ер адамды аудандық ауруханаға жеткізу үшін Қарғалы ауданының 3 құтқарушысы мен жол талғамайтын Трэкол техникасы жіберілді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Құтқарушылар 50 жастағы ер адамды аудандық ауруханаға жеткізді.

Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізуге көмектесті

Ер адамның жағдайы тұрақты.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауды, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға