Жаңалықтар

Ақтөбедегі өрттен 8 адам құтқарылды

Ақтөбедегі өрттен 8 адам құтқарылды
Фото: instagram.com/aqtobe_tjd 26.04.2023 09:50 548

25 сәуірде сағат 18.00-де 112 пультіне Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде екі қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға орнына келген құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде көршілес пәтерден 8 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге жеке құрамнан 5 құтқарушы мен өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сағат 18:28-да сөндірілді. Жалын шарпыған алаң 20 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі - үй иелері майшам жағып, қараусыз қалдырған, - деп жазды министрліктен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aqtóbe oblysynyń ТJD (@aqtobe_tjd)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға