20 маусымда еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жұбанов университетінің базасында орналасқан Heriot-Watt кампусы «Компьютерлік инженерия», «Электр энергетикасы» және «Мұнай инженериясы және энергоменеджмент» білім бағдарламалары бойынша өтінімдерді қабылдайды.
Heriot-Watt кампусының ақылы бөліміне алғашқылардың бірі болып құжат тапсырған талапкер анықталды. Талапкер Тула облысынан келген ресейлік азамат.
Heriot-Watt халықаралық кампусының болашақ студенті “Электр энергетикасы” мамандығын таңдаған. Бұл саланы таңдау себебін сұрағанда аталған мамандық өте перспективалы деп санайтынын және жалпы физика мен математиканы оқуға қызығушылық танытатынын айтты.
Айта кету керек, бұл Ақтөбедегі британдық оқу орнының филиалына ақылы негізде оқуға түскен алғашқы талапкер.
Ақтөбедегі HERIOT-WATT UNIVERSITY-ге шетелдік талапкер құжат тапсырды
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі