Жаңалықтар

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ үш баланың анасы тағы мас күйде көлік айдаған

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ үш баланың анасы тағы мас күйде көлік айдаған
Фото: Ақтөбе облыстық ПД 08.01.2024 09:14 620

Ақтөбе полицейлері үш баласы бар мас әйелді көлік жүргізуші куәлігінсіз ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 5 қаңтарда сағат 23:45-те патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған «Hundai» көлігін байқаған. Тексеру кезінде көлікті басқарған 51 жастағы әйелдің масаң күйде екені анықталды.

Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші «жеңіл дәрежедегі масаң күйде» болған, - деп жазады ПД баспасөз қызметі.

Сонымен бірге 2021 жылдың мамыр айында сот шешімімен оны масаң күйде көлік басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырғаны белгілі болды. Алайда жазаға және кәмелетке толмаған үш баласының барына қарамастан, жүргізуші мас күйде көлік басқарған.

Әйел уақытша үстау изоляторына қамалды.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Аталған әйел 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру жазасына кесіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға