Жаңалықтар

Ақтөбеде жұқпалы аурулар ауруханасы салынады

Ақтөбеде жұқпалы аурулар ауруханасы салынады
Фото: t.me/KZgovernment 20.09.2023 09:24 530

Үкіметте өткен кеңесте премьер-министр Әлихан Смайыловтың 10 тамызда Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Орталық мемлекеттік органдардың басшылары Ақтөбенің шеткері аударын дамыту, Ақтөбе мен Хромтауда кәріз-тазарту нысандарын салу, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау, «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз» тасжолын және өңірлердегі жергілікті жолдарды жөндеу бойыша жобаларды іске асыру туралы баяндады.

Сонымен қатар Ақтөбе мен Қарғалы су қоймаларын күрделі жөндеу жобалары, алты жаңа ірі су қоймасын салу жоспары, сондай-ақ «Бұхара – Орал» магистральдық газ құбырынан Ақтөбеге дейін 3-желіні салуды жалғастыру және 30 ауылдық елді мекенді газдандыру туралы баяндамалар ұсынылды.

Оған қоса Ақтөбеде жұқпалы аурулар ауруханасын салу, Ақтөбе облысының «Фельдшерлік рюкзак» жобасы бойынша тәжірибесін басқа өңірлерге тарату, «Alaqan mektep» қауіпсіздік жүйесінің пилоттық жобасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға