Жаңалықтар

Ақтөбеде жас жігіттен мефедрон салынған 100 түйіншек табылды

Ақтөбеде жас жігіттен мефедрон салынған 100 түйіншек табылды
Фото: © Polisia.kz 20.10.2023 05:24 427

Ақтөбеде полиция қызметкерлері жас жігіттен мефедрон салынған 100 түйіншекті тапты. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласы 312-атқыштар дивизиясы даңғылында 26 жастағы екі азаматты тоқтатты.

Polisia.kz мәліметінше, санкцияланбаған жеке тінту барысында олардың бірінің қолсөмкесінің ішінен жасыл түсті ұнтақ зат салынған 100 дана көлеміндегі түйіншек табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат аса ірі көлемдегі мефедрон синтетикалық психотроптық заты екені анықталды. Табылған заттың қара нарықтағы бағасы – 2,7 млн теңге.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық іс қозғалды.

Жиналған дәлелдемелердің негізінде күдіктінің бірі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға