Жаңалықтар

Ақтөбеде су тасқыны кезінде ерікті болған студент қайтыс болды

Ақтөбеде су тасқыны кезінде ерікті болған студент қайтыс болды
Фото: Коллаж El.kz 22.05.2024 16:34 632

Ақтөбеде ерікті жас жігіт қаза тапты. Ол жоғары оқу орнында белсенді студент болған, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Алдын ала деректер бойынша Қылмыстық кодекстің «Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидасын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды. Қайғылы жағдай 19 мамыр күні тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодесінің 344-бабы 2-бөлігі, яғни, абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидасын бұзу дерегі бойынша іс тіркелді, - делінген Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің хабарламасында.

Студенттің өте белсенді болғаны айтылуда. Тіпті қалалық студенттер альянсының атқарушы директоры қызметіне де тағайындалып, бірнеше жұмыстарды атқарған.

Сонымен бірге көз жұмған студенттің су тасқыны кезінде еріктілердің қатарынан табылғанын әлеуметтік желідегі парақшасынан көруге болады.

ҚР қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтіні хабарланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға