Жаңалықтар

Ақтөбеде скутер мен жеңіл көлік соқтығысты

Ақтөбеде скутер мен жеңіл көлік соқтығысты
Фото: Видеодан кадр 15.05.2023 22:10 571

Жол-көлік апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 13 мамыр сағат 00:30 шамасында болған. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 жастағы Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде Әз Наурыз көшесімен жүріп келе жатқан қарсы бағыттағы көлік құралына жол бермей, Сейтов көшесі бойымен тікелей бағытта келе жатқан 19 жастағы жігіттің басқаруындағы Jugurmek скутерімен соқтығысқан.

Салдарынан скутердің жүргізушісі ауруханасына жеткізілді.

Автокөлік жүргізушісі скутерді байқамағанын айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға