Жаңалықтар

Ақтөбеде шығынды анықтайтын арнайы комиссия жұмысын бастады

Ақтөбеде шығынды анықтайтын арнайы комиссия жұмысын бастады
Фото: ТЖМ / Видеодан кадр 01.04.2024 12:54 338

Ақтөбе облысында су тасқынынан келген шығынды анықтайтын арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдгіне сілтеме жасап.

Әзірге 753 үй мен 10 әлеуметтік нысан және 100-ге жуық саяжай үйінің бүлінгені белгілі болған. Жалпы саны 7 мың адам қауіпсіз жерге шығарылған. Олар спорт кешендері мен мектептерге орналастырылды. Эвакуациялық пункт ашылған 39 мектептің оқушылары онлайн форматқа көшіріледі. Сондай-ақ суда қалған немесе су басу қаупі бар 21 мектептің балалары қашықтан оқиды, - делінген хабарламада.

Жалпы өңір бойынша үш су қоймасының екеуі толып, 10-нан аса өзен тасыды. Енді Ырғыз ауданының төрт ауылына қауіп төніп тұр. Бұл жолы қызылсу Қостанай облысы аумағынан келуі мүмкін деген болжам бар.

Қостанай жақта үлкен су бары екенін біз білеміз. Ол су енді біздің Ырғыз ауданының бірнеше елді мекеніне келу қаупі бар. 3 тікұшақ барды. Қазір басында министрліктің өкілдері жағдайға қарап, шешім қабылдайтын болады. Соған байланысты 2 мыңға жуық адамды эвакуация жасайтын боламыз, - дейді облыс әкімі Асхат Шахаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға