Жаңалықтар

Ақтөбеде қозғалысқа шектеу қойылған 2 автомобиль жолы ашылды

Ақтөбеде қозғалысқа шектеу қойылған 2 автомобиль жолы ашылды
Фото: ҚазАвтоЖол 30.03.2024 17:00 398

Ақтөбе облысында су тасқынына баланысты көлік қозғалысына шектеу қойылған 2 автомобиль жол ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

30 наурыз сағат 15:40-та "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолының 0-234 шақырымында (Қарабұтақ ауылы - Қостанай облысының учаскесі) көлік қозғалысы ашылды. Ал сағат 15:00-та "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолының 234-545 шақырымында (Ақтөбе облысының шекарасы-Қостанай қ. учаскесі) көлік қозғалысы үшін шектеу алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға