Жаңалықтар

Ақтөбеде Қасым және Жомарт есімді егіз дүниеге келді

Ақтөбеде Қасым және Жомарт есімді егіз дүниеге келді
Фото: pexels.com 25.05.2023 15:12 781

Егіз балаларға мұндай есімнің қойылуы бекер емес тәрізді. Себебі сәбилер 17 мамыр күні, Мемлекет басшысының туған күнінде, өмір есігін ашқан, деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігі.

27 жастағы Ақниет есімді келіншектің бес баласы бар, енді тұңғыш рет егіздің анасы атанып отыр. Анасының сөзіне қарағанда, бүлдіршіндер маусымда дүниеге келуі керек еді, дегенмен ол аяқ астынан босанып қалған. Ұлдардың әрқайсысының салмағы 2400 грамм.  

Олар туғанға дейін біз ат таңдаған жоқпыз. Әдетте бала дүниеге келген соң ғана ат таңдаймыз. 17 мамыр Президентіміздің туған күні. Сондықтан осылай деп қоямыз деп шештік, - дейді балалардың әжесі Шолпан Меңдиярова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға