Жаңалықтар

Ақтөбеде оқушылар ұстазының тойында тосынсый жасады

Ақтөбеде оқушылар ұстазының тойында тосынсый жасады
Фото: instagram/_askarskaya 07.08.2023 11:17 917

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі оқушылар сынып жетекшісінің тойына тосынсый жасап барған видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екінші сынып оқушыларының бұл әрекеті ұстазының ғана емес, Қазнет қолданушыларының да көңілін босатты.

Оқушылар ұстазын айтулы күнмен құттықтап қана қоймай, оған ән арнаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жұлдыздар алемі!!! (@zhulduz_tv)

Жас мұғалім мұндайды мүлде күтпегенін, оқушылары шынымен де көңілін серпілтіп тастағанын айтты.

2021 жылдан бастап 1 «Г» сыныбына жетекшілік еттім. Ата-аналармен де, балапандармен де бірігіп көптеген жұмыс атқардық. Ата-аналар өте белсенді болды, шүкір. Қай жағынан да қолдау өте күшті болды. Мен тұрмысқа шығамын дегеннен бастап бір-бірімізді қимадық, жылап та алдық, екі жыл деген аз уақыт емес. Сол уақыт ішінде балапандарыңызды маған сеніп тапсырғандарыңызға алғысым шексіз. Сіздердей қолдаушылары бар оқушыларымның болашақта үлкен белестерді бағындыратынына сенімім мол. Әр оқушымның орны мен үшін бір төбе. Керемет тосынсый ұйымдастырып, өлеңнің сөзін жазып, оқушыларыма орындатқан ата-аналарыма, оқушыларыма алғысым шексіз, – деп жазды ол.

Педагогтің сөзіне қарағанда, әннің сөзін балалардың өздері жазған, оны өңдеуге ата-аналары көмектескен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Nur A.🐍 (@_askarskaya)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға