Жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп оқушысы жоғалып кетті

Ақтөбеде мектеп оқушысы жоғалып кетті
Фото: instagram.com/polisia_aqtobe 29.11.2023 16:12 696

Ақтөбеде екі күн бұрын үйінен шығып, оралмаған мектеп оқушысы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жоғалып кеткен кәмелетке толмаған сегізінші сынып оқушысын іздестіріп жатыр. Ресми мәліметтерге сәйкес, 27 қарашада сағат 15.00 шамасында үйден шығып, қайтып оралмаған.

Иов Антон Алексеевич, 2008 жылы туған. Белгілері: 15 жаста, арық денелі, бойы - 160-165 сантиметр, аққұба, көзі көк.

Ол қара қалпақ, қоңыр күрте, қаракөк шалбар киген, қолында қара сөмке болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға