Жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 млн теңгені заңсыз иемденген

Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 млн теңгені заңсыз иемденген
Фото: ©El.kz/Нұркен Алишев 31.10.2024 10:16 348

Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен №48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе қаласының прокуратурасымен есепші Г.-ның 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеденастам бюджет қаражатын иемденгенін анықтады.

Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған. Есепші Г.-ның іс-әрекеті ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сараланды, - делінген мәліметте.

Сот оны алты жылға бас бостандығынан айырған.

24.10.2024ж. сотпен есепші Г. кінәлі деп танылып, 7 жылға материалдық жауапкершілік лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға