Жаңалықтар

Ақтөбеде газ құбырында апат болды

Ақтөбеде газ құбырында апат болды
Фото: Видеодан кадр 10.10.2023 04:17 496

Ақтөбеде тұрғын алабының бірінде 9 қазан күні кешке газ құбырын басқару стансасында апат болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

9 қазанда сағат 21:51-де «Береке» тұрғын алабындағы диспетчерлік пунктте газ жарылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аттанды.

Төтенше жағдайлар департаменті Ақтөбедегі газ құбырындағы апатқа қатысты түсінік берді.

Астана аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Ислам Ілеуовтің айтуынша, департамент қызметкерлері газдың шығуын анықтаған. Құтқарушылар газ беру клапанын жабу арқылы мәселені анықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға